Қызыл судың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысынан Атырауға ауысуда. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Өңірде су тасқыны салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді. Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталуда.
Динара Жарқынбек