Құлсарыда қоғамдық штаб тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсарыда қоғамдық штаб тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр

25.04.2024

Құлсарыда суда қалған үйлер мен әлеуметтік нысандарды бағалау комиссиясы тексеріп жатыр. Төтенше жағдай кезінде құрылған штаб халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп, тұрғындардың арыз-шағымдарын назарға алуда. Қазір аймақтағы ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланыста баяндауға әзір. Нұрсұлтан, соңғы ақпараттармен бөліссеңіз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Біз Құлсары қаласындағы қоғамдық штабтамыз. Мұнда ауданның белсенділері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, жастар көшбасшылары мен кәсіпкерлер тұрғындарға көмек көрсетуде. Азаматтар несие мен ипотека төлемдерін кейінге қалдыру, тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек, үйлерді жөндеу, қалпына келтіру және басқа мәселелер бойынша консультация алып жатыр. Жалпы бұл жерде 16 маман бар. Қазір менің қасымда штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев тұр, Ерқұл мырза, жұртты ең бірінші баспана мәселесі алаңдатады, тұрғындардың бәрі үйлеріне оралды ма? Тұруға жарамсыз үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Айта кетейік, зардап шеккен тұрғындарға жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, 3461 отбасыға 100 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек берілген. Жалпы сома 1 млрд 277 млн теңге. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу