Су тасқыны: 31 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 31 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды

24.04.2024
Бүгінде су тасқыны болған аймақтардағы 31 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерде 8 566 адам қалып отыр. Оның 3700-ден астамы балалар. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылған. 4 мың техника, 700-ден астам су соратын, құрылғы, 300-ге жуық жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу