Қорғаныс министрі су тасқынымен күресіп жүрген әскерилерге үндеу жасап, алғыс білдірді. Телекөпірге Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының елдімекендерінде, су тасқынына қарсы шараларға тартылған сарбаздар, сержанттар мен офицерлер қатысты. Олар қарулы күштердің «Оңтүстік», «Астана», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарында қызмет етеді. Министр Руслан Жақсылықов оларға: «Қойылған міндеттерді орындау кезінде жеке батылдықтарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын» деді.
Досжан Маратұлы