Елордада белгілі жазушы, ғалым Дархан Қыдырәлінің бес бірдей туындысы көпшілікке таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада белгілі жазушы, ғалым Дархан Қыдырәлінің бес бірдей туындысы көпшілікке таныстырылды

23.04.2024

Иә кітапсүйер қауым үшін жағымды жаңалық. Қазақ әдебиеті мен тарихы жаңа құнды еңбектермен толықты. Елордада белгілі жазушы, ғалым Дархан Қыдырәлінің бес бірдей туындысы көпшілікке таныстырылды. Ол «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітаптары. Бұл жинақтарда ұлт үшін басын бәйгеге тіккен саяси қайраткерлердің өміріне қатысты тың мәліметтер мен архив материалдары қамтылған. Іс-шараға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңадан жарық көрген еңбектер ұлттық бірегейлікті сақтау жолында тарихи маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ ол аталған кітаптар туған халқының келешегі үшін қызмет еткен көрнекті тұлғалардың өмірі мен мұрасын дәріптеуге зор үлес қосатынына назар аударды. Ғалымдар мен жазушылар да жаңа еңбектердің мәні мен маңызына тоқталды.

Әділ Ахметов, мемлекет және қоғам қайраткері:

Тамыр деген кітабы аты да затына сай. Тамыр деп отқаны сонау ғұн, сақ, скиф заманындағы ұлы мемлекеттердің екі мың жылға созылған тарихына көз жіберіп отыр. Сілтеме жасап отыр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу