Астанада «Таңбалы» сурет көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Таңбалы» сурет көрмесі өтті

24.11.2022

Елордада Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Кәкенұлының «Таңбалы» атты сурет көрмесі ашылды. Тарихтан тағылым беретін көрмеде қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихы мен мәдениеті бейнеленген суретшінің 45 туындысы ұсынылған. Автордың айтуынша көпшлікке ұсынған өз туындыларында ежелгі жартастағы суреттерді ашық түстермен толтыру арқылы жаңа дем бере отырып, тарихтағы өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсеткен.

Жеңіс Кәкенұлы, ҚР суретшілер одағының мүшесі:

Бұған дейін осы біздің таңбалы тастың суретін салған сурешілер жайлы бірде-бір жерде айтылмапты. Енді бұл көрме сол кісілерге арналған құрмет десе болады. Мен сол суреттерін алып, кескіндемеге айналдырып, композиция құрап көпшілікке айналдырып, көпшілікке ұсындым.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу