Қытайдың Гуандун провинциясында 40 мыңдай адам су басқан аудандарда қалып қойған. Оларды құтқаруға қайықтар жіберіліп жатыр. Бұл аймақта төпелеп жауын жауып, артынша өзендер арнасынан асты. Соңғы 50 жылда болмаған ең жоғары деңгейге көтерілген. Провинция аумағында 110 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, су апатынан 4 адам қаза тауып, он тұрғын жоғалып кетті. Сонымен қатар, сан мың адам дүние-мүлкінен айрылған.
Хан Цзинчжун, жергілікті фермер:
Бәрінен айрылып қалдым. Егемін деген тұқым да кетті. 13 мың доллардың дүниесі тасқыннан жоқ болды. Егістік алқаптарын да су шайып кетті