«Қалдықсыз әлем үшін!» Ташкент маңындағы көл жағасында осындай атаумен экологиялық акция өтті. Жиналғандар су айдыны мен жағалаудағы қоқыс қалдықты жинауға атсалысты. Осылайша тасқын қаупін болдырмау мақсатын көздедік дейді белсенділер. Ауқымды шараны экология министрлігі мен санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру орталығы өткізді. Экоакция жарыс түрінде ұйымдастырылған. Оған студенттер мен белсенді жастардан құралған 7 команда қатысты. Табиғат жанашырлары 230 тоннадай қалдықты жинап шықты. 7, 5 гектарға жақын аумақ қоқыстан тазартылды.
Волонтер:
Айналаны, әсіресе өзен көлдер мен басқа да су көздерін қоқыстан уақытылы тазартудың пайдасы зор. Бұл арқылы қоршаған ортаны қорғай отырып, тасқын мен селдің алдын аламыз. Акцияға атсалысып, игі іске үлес қосқаныма қуаныштымын.
Базаркүл Отыншиева