Елімізде 400 мың адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 400 мың адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған

22.04.2024

Электронды және онлайн казино қызметін ұйымдастырғандар, 2 жылға сотталып, 7 млн теңгеден аса айппұл арқалауы мүмкін. Мәжілістің бірінші оқылымында, ойын бизнесі, лотерея және олардың қызметі жөніндегі заң талқыланды. Ол жерде лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселерге де, тыйым салынады делінген. Тіпті, ойын бизнесін ұйымдастырушы азаматтардың да, тізімі жасақталмақ. Сондай-ақ, депутат Елнұр Бейсенбаев, «енді 25 жастан асқан тұлғалар ғана, құмар ойынға бәс тіге алатынын жеткізді. Себебі, соңғы екі жылда еліміздегі 400 мың адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Енді букмекерлік кеңсеге тіркелу үшін сіз 25 жастан асуыңыз керек. Сіздің борышкерлер тізімінде аты-жөніңіз болмау керек. Яғни, сіздің алименттік немесе несие қарызыңыз. Сонымен қатар сіз мемлекеттік қызметкер болмауыңыз керек. Сізді тіркеген уақытта, сіздің мемлекеттік жеке куәлігіңізді, біз Цифрлық министрлік, Ішкі ісер министрлігі арқылы тексереміз. Яғни, ол расында сіздікі ме?! Видео арқылы сіздің сәйкестігіңізді тексереміз. Сосын сіздің жеке куәлігіңіз бен карточкалық есеп шотыңыздың бір азамттікі екенін тексереміз. Содан кейін ғана ойнауға мүкіндік береміз.

Сондай-ақ, Ойын бизнесі туралы заң, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде/ құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салуды көздейді. Алайда, арнайы банерлерді, букмекерлік кеңсе мен спорт ғимараттарының ішіне ілуге болады. Сондай-ақ, тек спорттық бағыттағы телеарналар мен радио, интернет-ресурстарына ғана жарнамалауға рұқсат етіледі.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Спорттық іс-шаралар және оған трансляциясы өте қыруыар ақшаны талап етеді. Сондықтан осы бюджетке үлкен шығындар әкеп соқпас үшін біз тек қана спорттық сайттарға рұқсат етуге өзіміздің өтінішімізді бердік. Қоғамдық ұйымдар, журналистік ұйымдар барлықтары осымен келіседі.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу