Батыс Қазақстанда тасқынмен күрес тоқтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда тасқынмен күрес тоқтаған жоқ

22.04.2024

Батыс Қазақстан облысындағы тасқынға ел алаңдаулы. Орал қаласы тұсында Жайық өзенінің деңгейі әлі көтеріліп тұр. Өңірде, тасқынмен күрес тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, құм қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қауіпті аумақтардан 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Олардың 6 мыңға жуығы - бала. Эвакуациялық орталықтарда 2 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Жалпы тасқынмен күреске, 10 600 адам, 2 мыңға жуық техника мен 5 тікұшақ жұмылдырылған. Су тасқыны басталғалы күні бүгінге дейін 9 елді мекенмен қатынас үзілген.


Хабарламаларға жазылу