Словенияда тасқыннан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Словенияда тасқыннан 2 адам қаза тапты

07.08.2023

Словенияда алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, апаттан 2 адам қаза тапты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, топан суға байланысты аймақтық жолдар жабылып, теміржолда да қатынас тоқтаған. 16 мыңдай үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар, балабақшалар жұмысын доғарған. Cловенияның солтүстігі мен батысын су басуына ұзақ уақыт бойы төпелеп жауған жаңбыр себеп болды.

Жергілікті үкімет апат жайлаған аудандарда төтеншше жағдай жариялап, халыққа көмекке армия жауынгерлерін аттандыруға әзірленіп жатқанын хабарлап отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу