Орал маңындағы 100-ден астам саяжайға су кірді. Баспанасы суда қалған тұрғындар үйлеріне қайта оралып, мүліктерін фото, видеоға түсіріп жүр. Өйткен халық арасында залал келген мал-мүлікті дәлделдеу керек деген ақпарат тараған. Қазір бізбен тікелей байланысқа Оралдан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес шыққалы тұр. Нұрсұлтан, бұл мәселеге қатысты әкімдік өкілдерінің пікірі қандай? Шығын қалай төленеді екен?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Иә, бұл жөнінде пікірін алдық. Бірақ қазір мен алдымен жалпы ақпаратты айтып өтейін. Жайықтағы су деңгейінің көтерілуінен, Орал қаласы маңындағы 116 саяжайға су кірді. Қазір қаланы тасқыннан қорғап қалу үшін Орал 17 қауіпті участке бөлініп, соның 11-де бөгет салынып бітті. Ал өңір бойынша 100 шақырымдық дамбы нығайтылған. Мектептер эвакуациялық пунктерге айналып, 76 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алып жатыр. Алғашында көшуден бас тартқандардың барлығы эвакуацияланды. Бірақ, баспанасы суда қалғандардың басым бөлігі қазір үйлеріне оралып жатыр. Өйткені халық арасында залал келген-мал мүлікті фото, видеомен дәлелдеу керек деген ақпарат тараған. Аман қалғандарына қуанғанымен, халықтың басты уайымы суда қалған баспанасы. Тұрғындарды бір сөйлетсек.
Нұржан Тәжігереев, саяжай тұрғыны:
Міне, үйің суда тұр, үйтті, бүйтті деп көрсетіңдер дейді. Ол көрсетпей-ақ көзге көрініп тұр ғой бүкіл үй кеткені. Мұнда саяжай ғана емес, қыста тұратын үйлер де бәрі кетті.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Алайда, тұрғындардың бұлай уайымдауына негіз жоқ. Жергілікті билік өкілдері зардап шеккендерден ешқандай дәлел талап етпейміз деп отыр. Орал қаласы әкімінің орынбасарын тыңдасақ.
Әрсен Ғұбашев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:
Тұрғындар материалдық көмек алу үшін немесе шығынды өтеу үшін өздері барып фото, видео фикцация жасауы қажет емес. Ол жұмысты түгелдей комиссия мүшелері атқарады.
Бірақ, судың тартылғанын күту керек. Өйткені кейбір саяжайлардағы судың деңгейі 3 метрге дейін жетеді. Десе де, материалдық көмек беріліп жатыр. Бүгінге дейін қала қоса алғанда өңір бойынша 1542 отбасыға 100 АЕК көлемінде материалдық көмек берілген.
Нұрсұлтан Тілектес