Қарағанды облысында Нұра өзеніне күл аралас қалдық су құйылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында Нұра өзеніне күл аралас қалдық су құйылды

12.02.2020

Теміртаудағы су электр станциясының күл шығаратын каналында апат болды. Салдарынан лай су Нұра өзеніне аққан. 

Кәсіпорындағы күл су қысымымен сыртқа айдалады. Кейін су өндірістік қолданысқа жіберіледі. Алайда құдықтың әбден ескірген бетон қабырғасы шыдас бермей, опырылып түскен. Сол жерден өзен арнасына аққан күл аралас лайды тұрғындар ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. 

Оқиға орнына экологтар мен су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясының мамандары келіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Өзенге аққан лай судан сынамалар алынды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу