«Қазгидромет»: Мамыр, маусым айлары ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет»: Мамыр, маусым айлары ыстық болады

22.04.2024

Мамыр, маусым айлары ыстық болып, жауын-шашын мөлшері азаяды. Демек, құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары айтты. Мәлімдеме әсіресе, Ұлытау, Қызылорда, Қостанай, Ақмола облыстары мен Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарына қатысты дейді. Алайда, еліміздің басым бөлігінде шілде-тамыз айларында ауа температурасы 18-25 градус нөлден жоғары болады. Жауын-шашын көп болады деп күтілуде. Сондықтан, мамандар мамырдың екінші және үшінші онкүндігі егін егуге қолайлы уақыт екенін айтады. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу