Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмектесу үшін ірі көлемде қаражат аударып жатқандар аз емес. Оның қатарында отандық компаниялар, өнеркәсіп орындары мен мемлекеттік және жекелеген қорлар бар. Екінші деңгейлі банктер мен ірі кәсіпкерлер де су тасқынының салдарын жою үшін миллиондап ақша аударып жатыр. Атап айтқанда Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялары 40 миллиард теңге бөлді. Бұл қаржы балабақша, мектеп, аурухана және тұрғын үйлерді салуға және жөндеуге жұмсалады.
Аида Ахметбек