Су тасқыны кезінде баспанасы бүлінген саяжай тұрғындары да үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева айтты. Егер тұрғын жалғыз баспанасынан айырылса үйінің құжаты жоқ болса да көмексіз қалмайды,- деді ол. Құрылыс министрлігі өңірлерде салынатын баспаналардың типтік сызбасын әзірлеп, оны бекітіп те қойған. Енді құжат жергілікті әкімдіктерге жіберілді. Жоспар бойынша ауданы 80 шаршы метр болатын үйлердің құрылысы 1,5 айда аяқталады. Ал, қос пәтерлі баспаналар 2,5 айда тапсырылуы тиіс.