Баспанасын су шайған отбасыларға жаңа үй беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспанасын су шайған отбасыларға жаңа үй беріле бастады

20.04.2024

Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында баспанасын су шайған отбасыларға жаңа үй беріле бастады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Қазір барлық өңірлердің әкімдіктері үй салу үшін жер телімдерін таңдау жұмыстарына кіріскен. Ақтөбе облысында құрылыс басталып та кетті. Тұрғын үй құжаттары болмаған жағдайда, меншік құқығын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды.

Қанат Шарлапаев ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Егер комиссия тұрғын үйді қалпына келтіруге жарамсыз деп таныған жағдайда, оны шешудің екі жолы қарастырылған: жаңа тұрғын үй салу немесе дайын жылжымайтын мүлік сатып алу. Бұл ретте азаматтардың өңірдегі ұсынылған елді мекендердің бірінде өздеріне қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндігі болады. Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындары да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады.


Хабарламаларға жазылу