Заң мен тәртіп бар жерде әділетті қоғам орнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң мен тәртіп бар жерде әділетті қоғам орнайды

19.04.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап өткен заң мен тәртіп – әділетті қоғам құрудың негізгі тірегінің бірі. Алматыда бас қосқан бір топ сарапшы Мемлекет басшысының Құрылтайда берген тапсырмалары жан-жақты талқыланып, жүзеге асуы үшін қоғам болып жұмылуымыз тиіс дейді. Бұл тұрғыда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі, саяси партиялар мен азаматтық қоғам түріндегі саяси институттардың маңызы жоғары.

Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы қсзи алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы:

Қоғам өзі құқықтық мәдениеті жоғарылаған кезде бұл заңдар өзінен-өзі міндеттіретінде қабылданып, яғни, сол заң арқылы реттелген қоғам әрқашанда ол жерде тәртіпте болады, ол жерде жауапкершілікте болады. Ол жерде әділетті қоғамды орнатуға көптеген қолайлы жағдайлар туындайды. Себебі, бұл әділетті қоғамда ең бірінші кезекте осы заң мен тәртіпке байланысты.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу