Жетісу облысында қант қызылшасын себу науқаны басталды. Биыл аймақ шаруалары стратегиялық дақыл алқабын 11 мың 500 гектардан асырды. Орта есеппен 500 мың тоннадай тәтті түбір жинау жоспарлануда. Сапалы әрі мол өнім алу үшін отандық ғалымдар өндіріп шығарған жаңа тұқым сорттары пайдаланылмақ. Егістік басында өткен семинарда сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыратын жаңа техника мен тыңайтқыштар, егін шаруашылығына қажет жаңа технологиялар таныстырылды. Қант қызылшасынан бөлек арпа, соя және жүгерінің де жоғары өнімді тұқымдары ұсынылды.
Қалибек Алпысбаев, шаруа қожалығының жетекшісі:
Жаздай осы 30 гектарды күтіп баптайды өздері. Құдай бұйыртса жаз айында, июль айының басында үлкен день поля өткіземіз. Сол жерде қалай өсіп жатқанын, қалай өсімдікті арам шөптерден қорғап жатқанын өз көздерімізбен көретін боламыз.
Қуаныш Қанатұлы