Астанада «Techno Women» халықаралық форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Techno Women» халықаралық форумы өтіп жатыр

19.04.2024

Астанада «TechnoWomen» халықаралық форумы өтіп жатыр. Үшінші күнге жалғасқан шарада нәзік жандылар жасанды интеллектке басымдық беруде. Осы мақсатта ұйымдастырушылар, Астанада 3-6 сынып оқушыларын тегін робототехника саласында оқытпақ. Айта кетейік, форумға түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қатысуда. Ауқымды шараның мақсаты – технология саласында жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту. Нәзік жандылардың кәсібін дамытуға жол ашу.

Әлия Оразымбатова, «TechnoWomen» қауымдастығының мүшесі:

Статистикаға қарасақ, робототехникаға 98 пайыз ұлдар қатысады екен. Соның 2 пайызы ғана қыздар. Астана қаласында робототехника бойынша 3-6 сыныптағы қыздарды «Робот техна гьелс» жобасы бойынша тегін оқытады.

Лауэра Заки, «TechnoWomen» қауымдастығының өкілі:

Қалада ғана осындай форумдарды өткізіп қоймаймыз. Облыстарда сол жаққа барып, сол жерде форум жасаймыз. «TechnoWomen» әр жобаларына тіркейміз. Әрбір әйелге осы жасанды интеллект, технологияларды пайдалану, жақсы жақсы трендтегі өзекті нәрселерді пайдаланатындай етіп оқыту, біздің миссиямыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу