«EXPO & WOMEN» әйелдерді АЭФ-қа қатысуға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO & WOMEN» әйелдерді АЭФ-қа қатысуға шақырады

08.04.2016
«EXPO & WOMEN» әйелдерді АЭФ-қа қатысуға шақырады

«EXPO & WOMEN» халықаралық ұйымы әйелдерді IX Астана экономикалық форумы аясында өтетін «Қазақстан әйелдерінің EXPO-2017 көрмесін өткізуге қосатын үлесі» тақырыбындағы республикалық форумға қатысуға шақырады.

Аталған конференция 26 мамырда Астана қаласында өтеді. Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі - Халықаралық G-Global хатшылығы және «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту жасыл коалициясы» ЗТБ.

Форум барысында Қазақстан әйелдерінің EXPO-2017 көрмесінің тақырыптық және мәдени ойын-сауық іс-шараларына қатысуы мәселелерін талқылау, «жасыл» технологияларды, туризм мен сервисті, өндірістік қамтамасыз етуді, қолданбалы өнер мен дизайн, халық қолөнерін және т.б. дамытудағы әйелдер рөлі туралы пікірталас ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«EXPO & WOMEN» 2016 жылы бірнеше республикалық конкурсқа бастамашы болып келеді. Әйелдер басқаратын кәсіпорындар арасындағы конкурс, «Болашақ энергиясы» инновациялар, «Қазақстан – болашақ энергиясы» сынды конкурстарды ұйымдастырды.

Осы және өзге де жобаларды жүзеге асыру арқылы «EXPO&WOMEN» Қазақстан әйелдерін EXPO-2017 көрмесінің іс-шараларына мейлінше тартуды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу