Су тасқыны: 3 өңірде жағдай ушығуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 3 өңірде жағдай ушығуы мүмкін

19.04.2024

Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Алина Смағұлова Республикалық ақпарат штабында өткен брифингіде мәлім етті. Сәуірдің 22-не дейін Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күн күрт жылып, жауын-шашын болады. Соған байланысты таулы аудандарда сел жүріп, өзендердегі су деңгейі шекті мөлшерден асады. Ал Ақмола облысындағы Нұра өзенінде су деңгейі күн сайын көтеріліп келді. 4 сағатта 6 см-ге артып, шекті мөлшерден 5 см-ге асқан. Сондай-ақ Қорғалжын ауылындағы көпірді су басты.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу