Ақмола облысында жолдарын су шайып кеткен ауылдармен қатынасты қалпына келтіру үшін паром орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жолдарын су шайып кеткен ауылдармен қатынасты қалпына келтіру үшін паром орнатылды

19.04.2024

Ақмола облысында жолдарын су шайып кеткен ауылдармен қатынасты қалпына келтіру үшін паром орнатылды. Осыдан бес күн бұрын Есіл өзені арнасынан асып, Жақсы ауданындағы «Қима-Терісаққан» автомобиль жолындағы көпірді су шайып кеткен. Салдарынан бес елдімекен қарым-қатынассыз қалды. Қазір мамандар Қорғаныс министрлігі жіберген паром өткелінің орнатылатын жерін зерттеп, оны қою жолдарын қарастырып жатыр.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу