Жамбыл облысында сел шығыны 135 миллион теңгеден асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында сел шығыны 135 миллион теңгеден асқан

27.06.2022

Жамбыл облысында сел шайған бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апаттан келген шығын көлемі 135 миллион теңгеден асқан.

23 маусым күні толассыз жауған жаңбырдың соңы селге ұласып, Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр және Ноғайбай елдімекендерін шайып кеткен болатын. Нәтижесінде 17 үйдің ауласын су басып, 5 үйдің ішіне кірген. 12 үйдің қора-жайлары мен қоршаулары бүлінді.

Арнайы құрылған комиссияның мәліметінше, үш ауылдан 169 қой-ешкі, 4 жылқы, 2 сиыр және 380 тауық жоғалған. Сұлутөр елдімекенінде ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан. Тұрғындарды күніне 3 мезгіл ауызсумен қамтамасыз ету үшін арнайы техника бөлінді. Сондай-ақ тау суы ауылішілік бірнеше көпірді шайып кеткен.

Қазір онда арнайы техникалар мен авариялық топтар жұмылдырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының барлық шығынын мемлекет өтейді.

Хабарламаларға жазылу