Оралда 500 бала эвакуациялық пунктерде білім алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 500 бала эвакуациялық пунктерде білім алып жатыр

18.04.2024

Орал қаласында 500 бала эвакуациялық пунктерде білім алып жатыр. Олар су басқан және тасқын қауіпі төнген аудандар мен саяжайлардан көшірілген отбасылардың балалары. Қазір қалада 10 эвакуациялық орталықта 2200-ге жуық адам орналастырылған. Солардың бірінен Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тікелей байланысқа шыққалы тұр. Нұрсұлтан, онлайн оқитын балаларға қажетті жағдай жасалған ба?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Біз қазір қаладағы педегогикалық колледж жатақханасындамыз. Тасқын басталғалы ғимарат эвакуациялық орталыққа айналған. Мұнда қазір 90 бала онлайн білім алып жатыр. Оқушылар сабақты мына кабинетте өтеді екен. Қазір олардың сабағы аяқталған. Сондықтан кабинет бос тұр. Көріп тұрғандарыңыздай компьютер, қажетті жабдықтар қойылған. 

Мұнда дәл қазір қала маңындағы су басқан саяжайлар мен тасқын қауіпі туындаған аудандардан көшірілген 339 адам тұрып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, эвакуациялық орталық іші бөлмелерге бөлінген. Әр бөлмеде 3-4 адам тұрады. Қазір солардың бірімен тілдессек.

Бүгінде Оралда 10 эвакуациялық пункт бар. Оларға 2200-ге жуық адам орналастырылған. Соның 1000-нан астамы бала. Айта кету керек, қазір қаланың бірнеше ауданына тасқын қауіпі төніп тұр. Сондықтан қаладағы 50 мектеп пен 7 балабақша онлайн оқыту жүйесіне көшкен.


Хабарламаларға жазылу