Қырғыз елі жіберген гуманитарлық көмектің екінші керуені, Ақтөбеге жетті. Бұл жолы айыр қалпақты ағайын 7 жүк көлігіне 150 тонна жүк тиеген.
Оның дені-азық-түлік пен гигиеналық заттар. Аманат арқалаған көлік жүргізушілері мен жол бастаушылары, 3 тәулік жол жүріп келді. Гуманитарлық көмектің бір бөлігі- Ақтөбеде қалАды. Ондағы заттар «Анаға тағзым» орталығына жиналып, тасқыннан зардап шеккендерге беріледі. Бір жүк көлігі Оралға, тағы төртеуі Құлсары қаласына аттанды.
Медер Мамбеталиев, Гуманитарлық көмек тобының жетекшісі:
«Жол жүріп, Ақтөбеге кіріп келдік. Көріп отырсыздар. Бүгін бұйырса осы жерден бөлеміз. Бұл жерде 6 мұздатқыш фуралар келді. Қырғыз елінің жәрдемі кішкене болса да шоң деп ойлаймын да қазақ бір туған елге. Құдайым бұйырса, келіп қалдық».
Жақсыбек Кемал