Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмек жіберілді

14.03.2022
Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмек жіберілді

Бүгін Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмек жөнелтілді. Дәрі-дәрмек тиелген ұшақ Алматыдан Катовице қаласына ұшып кетті.

Жүктің жалпы салмағы 28 тоннадан асады. Оған 17 түрлі дәрі-дәрмек кірген. Қазақстан Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар жіберу туралы шешім қабылдады. Алғашқы рейс бүгін жөнелтілсе, екінші партияны жіберу ертеңге жоспарланған.

Шолпан Әділбекова, «СҚ- Фармация» ЖШС Алматы өкілдігінің менеджері:

Бұл гуманитарлық көмектің ішінде 17 түрлі дәрілік препараттардың тізімі бар. Онда антибиотиктер, гипертезивті препараттар, қабынуға қарсы және жөтелге қарсы препараттар жіберіліп отыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу