Ақмола облысында науқастанып қалған бір жасар бала, ауруханаға қайықпен жеткізілді. Оқиға Жарқайың ауданына қарасты Баранкөл ауылында болған. Елдімекенге барар жолды су шайып кеткендіктен, қатынас үзілген. Құтқарушылар, сәбиді қайықпен алдымен Далабай ауылына жеткізіп, кейін аудандық ауруханаға жөнелткен. Қазір, баланың жағдайы жақсы. Айта кетейік, қазір қатынас үзілген ауылдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек сынды тұрмысқа қажетті заттар да қайықпен жеткізіліп жатыр.
Ұмсындық Наурызбаев