Түркістан облысының мектептеріне Илон Масктың «Starlink» спутниктік интернет жобасы енгізілді. Қазір өңірдегі 200-ден астам білім ошағы жүйрік интернетке жүгіне бастады. Өйткені бұл мектептер шалғай және таулы аумақтарда орналасқан. Тағы 130 ғимаратқа жаңа интернет жүйесі таяуда орнатылады. Мәселен, Қазығұрт ауданындағы білім ұялары секундына 200 мегабайттық интернетке қосылған. Соның арқасында ұстаздар ғаламтордың тиімділігін көре бастады. Ал «Жыланбұзған» мектебінде 500-ден аса оқушы жылдамдығы 10 есеге артқан интернетті қолдануда.
Еркеғали Әлімқұлов, облыс әкімдігінің аппарат басшысы:
Қазіргі уақытта 203 мектепке нақты орнатылып, интернет сапалы түрде жоғары деңгейді жұмыс істеп тұр. Қалған 127 мектепке старлингті орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол сәуір айының аяғына дейін аяқталатын болады.
Айнұр Әбілқасым