Ақтөбе, Атырау облыстарының мектеп оқушылары ТЖБ, БЖБ тапсыруға міндеттелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе, Атырау облыстарының мектеп оқушылары ТЖБ, БЖБ тапсыруға міндеттелмейді

16.04.2024

Тасқыннан зардап шегіп отырған Ақтөбе және Атырау облыстарының мектеп оқушылары жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсыруға міндеттелмейді. Мұны Астанада өткен Республикалық ақпараттық штабта Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты. Сондай-ақ еліміздің 42 мектебінде оқушылардың біліміне мониторинг жүргізілмейді, деді. Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін, уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды.


Хабарламаларға жазылу