Баланы қорқытып, бопсалағандар заңмен жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланы қорқытып, бопсалағандар заңмен жазаланады

15.04.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, енді ананың да, баланың құқығы заңмен қатаң қорғалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Яғни, әйелдің денсаулығына жеңіл жарақат келтіргендер, бұрынғыша әкімшілік жазамен құтылмайды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ол ол ма, балалардың да қауіпсіздігі басты назарда. Енді, біреудің баласын бопсалап, буллинг, кибербуллинг жасайтындар заңмен жазаланады. Ал педофилдер өмір бойына сотталады. Тіпті баланы автоубстан мәжбүрлі түсіруге болмайды. Баланың құқығын қорғау үшін мұндай әрекетке заңмен тыйым салынды. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылық заңына жетекшілік еткен Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бұл құжатқа өзгеріс енгізу үшін, күн-түн демей үлкен топ жұмыс істегенін айтады. Бастысы қоғамның талабы назарға алынып, құжатқа өзгерту мен толықтыру енгізу үшін халықаралық сарапшылар мен білікті заңгерлер де атсалысты дейді.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бүгін қабылданған заңдар осы қоғамдағы ең осал топ саналатын әйелдердің құқығын қорғауға, балаларымыздың қауіпсіздігін сақтауға, жалпы қауіпсіз қоғам орнатуға, оның құқықтық аспектілерін нақты шегелеуге бағытталған заңдар болып табылады. Жалпы, мықты маңызды сәт деп ойлаймын, тарихи сәт деп ойлаймын.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу