Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр

15.04.2024

Жайық өзенінің су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр. Салдарынан, Орал қаласына қауіп төніп тұр. Жалпы, Жайық өзеніне су Ресейдегі Иректі су қоймасынан келеді. Ол Магнитогорсктан Орскке одан әрі Новотроицктен өтеді. Әрі қарай, Орынборға жетіп, Қазақстанның Орал қаласына барады. Батыс Қазақстан облысындағы ауылдарды басып өтіп, Атырау облысына одан Каспий теңізіне құяды.

Қазір Жайық өзеніндегі су деңгейі сағат 10:00-дегі дерек бойынша 1165 сантиметр. Соңғы екі сағатта, су 4 сантиметрге төмендеген. «Қазгидромет» мамандары Жайықтың суын әр 4 сағат сайын өлшеп, нәтижесін жариялап жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, Жайықтың Январцев ауылындағы деңгейі, 1 сантиметрге төмендеген. Ал Орал қаласында бірден 13 сантиметрге, Көшім ауылы тұсында 12, Тайпақ ауылы маңында 11 сантиметрге көтерілген. Жайық өзенінің қазіргі деңгейі 7 метр 68 сантиметр. Қауіпті деңгей – 850 сантиметр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу