Су басқан өңірлердегі үйлерді қалпына келтіру үшін 3 жедел топ құрылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастаған бірінші жедел топ, Ақтөбе облысына барды. Министр, әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын тексерді. Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде 436 жер телімі бар. Оның басым бөлігі, 321 жер учаскесі Ойыл ауданында, қалғаны Қобда, Әйтеке би, Темір аудандарымен Ақтөбе қаласына тиесілі. Министр жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстамақ. Жедел топ Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарына барады.
Самал Қабышева