Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды. Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралады. Құжатқа сәйкес, денсаулыққа қасақана ауыр не орташа зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Суицидке итермелегендер үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. 16 жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендерді де бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айя Мүтәлі