Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады

11.04.2024

Үй-ішінің берекесін алып, отбасы мүшесіне қол көтергендер үшін енді жаза қатаңдатылады. Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Бұрын әкімшілік заңбұзушылық саналатын екі бап енді Қылмыстық кодекске енгізілмек. Ал іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция қызметкері әлеуметтік желідегі, ақпарат құралдарындағы дәлелге сүйеніп, тергеу жүргізе алады. Осылайша, денсаулыққа жеңіл не ауыр зардап келтіргендер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі мен құқығы да ерекше назар алынған. Кәмелет жасқа толмағандарға зорлық көрсеткендер өмір бойы түрмеге тоғытылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзу туралы заңнама қайта қаралып, күшейтілді. Бұл заң жобалары әйелдер мен балалардың конституциялық құқығын қорғауға тың серпін береді деп үміттенеміз.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу