Ел ішінде тасқын басталғалы бері 108 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 12 мыңға жуығы үйлеріне қайта оралған. Қазіргі таңда 7500 адам уақытша орналастыру пунктерінде. Олардың ішінде 3000-нан астамы - балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде мәлім етті. Апаттық-құтқару жұмыстарына 33 мыңға жуық адам, 3700-ден астам техника, 770-тей су сорғыш, 255 жүзу құралы және 14 әуе кемесі жұмылдырылған.
Ерасыл Сайпаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:
Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында елдімекендерінде халықты эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді.
Қаракөз Тұрмағамбет