Ақмола облысында Терісаққан және Есіл өзендері арнасынан асып, жолды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында Терісаққан және Есіл өзендері арнасынан асып, жолды су шайып кетті

15.04.2024

Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Терісаққан ауылына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізіліп жатыр. Себебі, Терісаққан және Есіл өзендері арнасынан асып, елдімекенге апаратын жалғыз жолды су шайып кетті. Қатынас тоқтады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір жағдай қалыпты. Тасқынның салдарын жоюға күш-құрылымдар түгел жұмылдырылған. Сондай-ақ, ауылдан жүкті әйел орталыққа жеткізілді.

Ұмсындық Наурызбаева 

Хабарламаларға жазылу