Ақмола облысында өзен арнасынан асып, Двуречное ауылына су кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында өзен арнасынан асып, Двуречное ауылына су кірді

17.04.2024

Ақмола облысында Есіл өзені арнасынан асып, Есіл ауданына қарасты Двуречное ауылындағы 13 үйге су кірді. Елдімекеннен шұғыл түрде 35 адам эвакуацияланды. Оның алтауы - бала. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қауіп әлі де бар. Сондықтан арнайы штаб өзен деңгейін сағат сайын қадағалап, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Қазір құтқарушылар қауіпті аймақтарда тұрған баспаналардың жанына бес мыңнан аса құм салынған қап төсеп, бөгеттерді барынша нығайтып жатыр. Бұл жұмыстарға 150-ден астам адам мен 15 техника жұмылдырылған.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу