Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны кезінде жоғалған екінші адамның денесі табылды. 6 сәуір күні Құлсары қаласында әкесі мен баласы тұрғын үйлерін тексеру мақсатында шығып, хабарсыз кеткенін айтқан едік. Бүгін таңертең 9:00 шамасында әкесінің денесі табылған болатын. 4 сағаттан кейін 24 жастағы баласының денесі үйіне 1 шақырым жерде судан шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.