Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін

14.04.2024

Петропавлда тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 12-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін. Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс аумағындағы басқа ауылдарға бара жатыр. Ол қандай ауылдар, тілшіміз Аманкелді Сейтханнан білсек. 

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Петропавлда жағдай қиын. Қазір облыс аумағындағы 60-тай жолды су басқан. Соның 4-і республикалық жол. Мысалы, бұл Жезқазған-Петропавл тас жолы. Астанаға да осы жол арқылы шығады көліктер. Бірақ, жол биіктігі 60 см-дей судың астында. Сондықтан тек жүк көліктері кезекпен өткізіліп жатыр.

Жолдың қашан ашылатыны белгісіз. Ал, мұнда адамдар күтіп тұр. Бірақ, бүгін облыстық жедел штаб басшысы тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болады деп хабарлады. Яғни, ертең қаланың және тура осы тұстағы Бескөл ауылының маңында су деңгейі түсе бастауы мүмкін. Бірақ, ол су одан кейін Қызылжар ауданына қарай ағып, жолда Вишневка, Ольшанка, Соколовка, Якорь, Вагулино сияқты ауылдарды басуы мүмкін. Ол жерлерде эвакуациялық жұмыстары атқарылуы тиіс. Ал, жалпы тасқын басталғалы 4500-дей адам қауіпті аймаққа көшірілген. 1700-дей үйге су кірген.

Аманкелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу