Ақмола облысында 13 уақытша орналастыру орны жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 13 уақытша орналастыру орны жасақталды

13.04.2024

Ақмола облысының Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға, гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. 4 ауылға су кіріп, 540 адам эвакуацияланды. Аймақта 13 уақытша орналастыру пункті жасақталған. Қазір онда 30-ға жуық адам тұрып жатыр. Қалғандары туыстарының үйлеріне кеткен.

Валентина Кальтенбергер, Иванковка ауылының тұрғыны:

Келінім үш баласымен туыстарының үйіне кетті. Балам ауылда қалды. Мұнда өзім жалғызбын. Құтқарушылар, еріктілер барлығы көмектесіп жатыр.

Генадий Михайлов, Иванковка ауылының тұрғыны:

Мен су келгенде шатырдың үстінде болдым. Кейін құтқарушылар келіп, тікұшақпен алып кетті. Мұнда қазір анам мен ағам үшеуіміз тұрып жатырмыз. Ең бастысы аман қалдық.


Хабарламаларға жазылу