Әлем Иран мен Израильге көз тігіп отыр. Вашингтонның мәлімдеуінше, Иран Израильге шабуыл жасау үшін дайындықты аяқтаған. Тіптен, Тегеран жоспарын бүгін іске асыруы мүмкін деген мәлімет бар. Осыған орай, Вашингтон Израильдегі АҚШ елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ел ішінде қозғалысты шектеу қажеттігін ескертті. Америкалық шенеуніктердің мәліметінше, Иран Израильді 100-ден аса дрон, ондаған қанатты зымыран, оның ішінде баллистикалық ракеталармен шабуылдауы мүмкін. Сәуірдің басында Сирия астанасы Дамасктегі Иран консулдығына шабуыл жасалып, 13 адам қаза тапты. Тегеран бұл шабуыл үшін жауап беретінін мәлімдеген еді.
Арай Төлеген