Қарағанды облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді

13.04.2024

Қарағанды облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға, толыққанды көмек көрсетілді. Аймақ бойынша, қарғын судың кесірінен 60 үйге су кірсе, сонын 6-ауы жарамсыз деп танылған. 54 үйге келтірілген шығын толықтай өтеліп, 5 үй сатып алынды. Зардап шеккен отбасылар, жаңа үйлеріне қоныстануда. Алдағы күндері тағы бір отбасына жаңа үй беріледі. Сондай-ақ, Шет ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек және бүлінген мүлік үшін өтемақы төленді. Мал шығыны да өтелді.

Ақмарал Мусина, Красная поляна ауылының тұрғыны:

Бір аптаның ішінде тездетіп үйді де алып беріп жатыр. Бұлай тез үй алып береді деп күткен жоқпыз. Ұнатқан үйімізді алып берді. 4 бөлмелі үй. Есігінің алдында баубақшасы, қорасы бар.

Айжан Қашкенбаева, Ақсу ауылының тұрғыны:

Кеше алдыңғы күні малдардың бәрін орнына қойып берді. Компенсация временный берді ғой сол түсті. 360мың ба сондай.


Хабарламаларға жазылу