Қостанай облысында екі жүзге жуық үй қалпына келтіруге жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында екі жүзге жуық үй қалпына келтіруге жарамсыз

12.04.2024

Қостанай облысында тасқынның қарқыны бәсеңдеп, шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Күні бүгінге дейін су кірген 353 үй тексеріліп, оның 150-ден астамы жөндеуге келетіні анықталды. Ал 200-ге тарта баспана мүлде қалпына келтіруге жарамайды. Бүлінген үйді жөндеуге қаржы бөлінеді. Жарамсыз күйге түскендерінің орнына жаңасы салынады. Тасқынның салдарынан өлген мыңға тарта түліктің өлексесі табылды. Оның 200-ден астамының иесі анықталып, төлем беріле бастады. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

Жұматай Кәкімжанов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

 Енді әлеуметтік төлемге келсек, бүгінгі таңда 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау жалғасуда.


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу