Пәкістанда орын алған көшкінінің салдарынан 13 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда орын алған көшкінінің салдарынан 13 адам мерт болды

13.10.2015
Пәкістанда орын алған көшкінінің салдарынан 13 адам мерт болды

Пәкістанда Карачи қаласында бейсенбінің түнінде топырақ көшкіні жүріп, оның салдарынан кемінде 13 адам мерт болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.   


Апат жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2-00-дер кезінде орын алған. Көшкін қаланың солтүстігіндегі халық шоғырланған аймақтағы 3 шатырды басып қалған.  

Қазіргі таңда көшкіннің салдарынан мерт болған 13 адамның мәйіті табылды. Олардың арасында 7 бала мен 3 әйел бар. Құтқару қызметі апаттың құрбаны болған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.  

Жергілікті билік өкілдері сонымен қатар, құрбан болғандардың барлығының бір отбасының мүшелері екендігін мәлімдеді. Олар табиғи апат орын алардан үш күн бұрын осы жерге келіп қоныстанған.  

 

Хабарламаларға жазылу