Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда 27 мың құтқарушы жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда 27 мың құтқарушы жұмыс істеуде

11.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 27 мыңнан астам құтқарушы күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Ерсалы Сайпаш айтты. Оның сөзінше, авариялық-құтқару шараларына 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылған.

Еліміздің 8 өңірінде, атап айтар болсақ, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті аумақтағы 29 Төтенше жағдайлар департаменті әрекет етеді.

Хабарламаларға жазылу