Ақтөбеде ауыз су көздерінен қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ауыз су көздерінен қауіп жоқ

10.04.2024

Ауыз судан келер қауіп жоқ. Бұған дейін Ақтөбеде краннан су ішуге болмайды деген қауесет тараған еді. Алайда, мамандар оны жоққа шығарып, алып-қашпа сөздерге сенбеуге шақырды.

Эпидемиологтар, төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Темір, Ырғыз және Ойыл аудандарында зерттеу жүргізді. Ауыз су көздерінен микробиологиялық, химиялық көрсеткіштерге сынамалар алынған. Сондай-ақ, зертханалық әдіспен 251 су сынамасына талдау жасалды. Нәтижесінде, оның 149-на талапқа толық сай келеді деген қорытынды шығарылды. Қалған 102-сі зерттеліп жатыр. Дегенмен, ғалымдар/ су тасқыны кезеңі аяқталған соң да, сақтық шараларын ұмытпау қажеттігін ескертіп отыр.

Роза Ізімова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, биология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты:

Су тасқыны тоқтағаннан кейін,күн ысуының нәтижесінде онымен қоса вирустық инфекциялардың да өршіп кету мүмкіндігі бар. Әрине, мұндай мәселемен негізгі санитарлық-эпидемиологиялық органдар айналысады. Зертханалар сынама алады, судың әр түріне баға беріп, жариялап отырады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу