Ауыз су жоқ: Түркістанда құбыр тартылғанымен таза су берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыз су жоқ: Түркістанда құбыр тартылғанымен таза су берілмеген

24.06.2022

Түркістан облысында құбыр тартуға миллиардтаған қаржы бөлінгенімен, елдімекендерге таза су берілмеген. Облыстық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру кезінде, бірқатар заңбұзушылық анықталды. Мәселен, Ордабасы ауданында құбыр бір жыл бұрын тартылса да, мыңға тарта тұрғыны бар ауыл сусыз отырған. Қадағалау органдары араласқаннан кейін ғана, ұңғымадан халыққа тіршілік нәрі беріле бастады. Ал, Қазығұрт ауданында құрылғылар істемей қалғандықтан, жұрт сапасыз, тазартылмаған су ішкен. Сонымен қатар суға қатысты тарифті бекіту мен субсидиялау бойынша да бірқатар кемшіліктер анықталған.

Бақытжан Әбдешов, Облыс прокурорының аға көмекшісі:

Талдау қортындысымен облыс әкімдігінің атына заң бұзушылықты жою бойынша ұсыныс енгіздік. Қарау нәтижесі бойынша қала-аудандардағы ауыз су саласына жауапты бөлім басшылары, жауапты бөлім мамандары жауапкершілікке тартылды.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу