Қазақстан халқы ассамблеясының тарапынан да зардап шеккен аймақтарға ауқымды көмек көрсетіліп жатыр. Бұл Сенат депутаты, ассамблея мүшесі Геннадий Шиповскихтың мәліметі. 240 тонна гуманитарлық көмек жеткізіліп, 334 млн теңге қаржы жиналған. 10 мыңнан астам ассамблея мүшесі ерікті ретінде әр өңірде жұмыс істеп жатыр.