ҚХА Қостанайға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА Қостанайға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді

07.09.2022

Қазақстан халқы Ассамблеясы қостанайлықтармен бірге. Елордадағы этномәдени бірлестіктер мен кәсіпкерлер қауымдастығы 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Ассамблеяның «Біз біргеміз» акциясы әлі де жалғасады. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырушылар құрылыс заттарын жинауға атсалысамыз деп отыр.

Дәурен Бабамұратов, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда ең негізгі Қостанайдағы азаматтарға қажетті бұл құрылыс материалдары. Сонымен қатар егер мүмкіндік болып жатса ақшалай көмек болатын болса, тиісті қорларға аудару керек деп айтып жатырмыз. Бірақ та, халықтың ықыласы алып келген көмекке тағы да жоқ деп айтып жатқан жоқпыз. Барлығын осы жерге жинадық. Келген адамдарға түсіндіруге тырысып жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу